Әуежай мен вокзалда цифрлы құжаттың қағаз нұсқасын көрсету міндетті болмайды

Жарияланды
Цифрлы нұсқасы бар құжатты көрсету міндетті болмайдыфото: kursiv.media

Әуежайлар мен вокзалдардағы инспекторлардың цифрлы үлгіге көшірілген қағаз құжаттарды сұратуына тыйым салынады.

Қазақстанда жолаушылар көлік инфрақұрылымы нысандарын (вокзалдар мен әуежайларда) жеке басын анықтау үшін электронды құжаттарды көрсете алады. Көлік министрлігінің бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Министрлік бұл бұйрықтың цифрлы нұсқасы бар қағаз құжаттарын талап етуге тыйым салу үшін қажет екенін түсіндірді. Яғни тексерушілер қажет кезде цифрлы құжаттар сервисінен орналасқанына көз жеткізе алады.

«Осы НҚА-ны қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін жолаушыларға олардың жеке басын куәландыру кезінде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты пайдалануға мүмкіндік береді», – делінген құжатта.

Сондай-ақ оқыңыз