Exxon, Chevron, Shell және TotalEnergies сынды ірі мұнай компанияларының кірісі 12%-ға дейін төмендейді – Bloomberg
Мұнай бағасының құлдырауы әлемдегі ірі мұнай компанияларын 15 млрд долларға акциялар сатып алу үшін қарызға батыруы мүмкін, деп жазды Bloomberg басылымы.
Exxon Mobil Corp., Chevron Corp., Shell Plc, TotalEnergies SE және BP Plc осы аптада нәтижелері туралы есеп бермек. Сарапшылар болжамынша аталған компаниялардың кірісі өткен тоқсанмен салыстырғанда 12%-ға немесе 24,4 млрд долларға төмендеуі мүмкін.
«Бұл олардың барлығына (Shell-ден басқа) дивидендтер төлеп, акция сатып алу үшін еркін ақша ағынымен қамтуға мүмкіндік бермейді. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 30% төмен болады деп болжануда», – деп Bloomberg басылымы да атап өтті.
Акцияларды сатып алу Big Oil стратегиясының негізі болды. Өйткені пандемиядан кейін мұнай бағасы өсіп, ірі компаниялар кірісі артты. Бұл инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Бірақ қазір ақша ағыны азайып бара жатқандықтан, акционерлерге салған қаржыларын қайтарудың өзі мәселеге айналмақ. Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне қарамастан, мұнай бағасы биылғы шамамен 17%-ға төмендеді. Үшінші тоқсандағы мұнайдан түскен табыс 2022 жылғы рекордтық көрсеткіштің жартысы ғана, 2021 жылдан бергі ең төмен нәтиже болады.
«Алға қарайтын болсақ, статистика мұнай бағасының төмендеуіне қарай өзгереді», – деп жазды Bloomberg сарапшылары.
Bloomberg мәліметтері бойынша Exxon және Chevron қарыздарының меншікті капиталға қатынасы 15%-дан төмен, бұл олардың 20%-дан 25%-ға дейінгі орта мерзімді мақсатты диапазонынан әлдеқайда аз.
Еуропалық ірі компаниялардың қарыз деңгейі жоғары. Қазанның басында BP таза қарыз деңгейі өсті. Компания сонымен қатар биылғы жылы Big Oil акцияларының арасында ең нашар ( -13%) нәтиже көрсетті.
Еске сала кетсек, Таяу Шығыстағы саяси ағдайдың ушығуынан «қара алтын» бағасы қайта құлдырады. Осылайша нарықта Brent мұнайының бағасы 4,5%-ға төмендеді.