Ливандағы «Хезболла» ұйымына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды (жаңартылды )
Наим Кассем «Хезболла» ұйымының бас хатшысының орынбасары болған / Reuters/Mohamed Azakir, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ливандағы «Хезболла» ұйымына жаңа басшы боп шейх Наим Кассем тағайындалды. Бұл жайлы ISNA басылымы хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Шейх Наим Кассем 1991 жылдан бері «Хезболла» ұйымының бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Сонымен бірге шейх «Хезболла» ұйымын құруға қатысқан адамдардың бірі саналады.

«Шура кеңесі [Хезболланың негізгі басқару органы] шейх Наим Кассемді қозғалыстың жаңа бас хатшысы етіп сайлады», – деп хабарлады басылым.

Ұйым жаңа басшылықтың қыркүйек айының соңында қаза тапқан «Хезболланың» бұрынғы басшысы Хасан Насралланың жұмысын жалғастыратынын мәлімдеген.

«Хезболланың» мақсаттарына жету үшін бірге жұмыс істеуге және жеңіске жеткенше қарсыласуға уәде береміз», – делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 28 қыркүйек күін «Хезболла» ұйымының жетекшісі Хасан Насралланың Израиль әскерінің әуеден жасаған соққысынан кейін қаза тапқаны туралы хабар тарады. Ол ұйымға 1992 жылдан бері жетекшілік етіп келген. Оның алдындағы ұйым жетекшісі  Аббас әл-Мусауи де Израиль әскерилерінің қолынан қаза тапқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз