Air Astana акционері BAE Systems компаниясының атом сүңгуір қайықтарын өндіретін зауытында ірі өрт шықты
Ұлыбританиядағы Air Astana акционері BAE Systems компаниясының атом сүңгуір қайықтарын шығаратын зауытында өрт шықты.
BBC өрттен екі адам зардап шеккенін хабарлады. Полиция «ядролық қауіп жоқ» деп мәлімдеді.
«Британдық атомдық суасты қайықтары шығарылатын BAE Systems зауытында ірі өрт шықты. Полиция өрт аумағы үлкен деп бағалап отыр. Желіде жарияланған фотолар мен бейнекадрлар компанияның бас кеңсесі отқа оранғанын дәлелдейді», – деп жазылған ақпаратта.
Басылым екі адам зардап шегіп, емханаға жеткізілгенін хабарлады. Билік жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпауға, терезелері мен есіктерін ашпауға кеңес берді.
Бұған дейін 2024 жылғы сәуір айында британдық BAE Systems Glascoed компаниясының Уэльстегі оқ-дәрі шығаратын зауытында жарылыс болды. Ол кезде ешкім зардап шекпеді.
BAE Systems компаниясы оқ-дәрілер, зымырандар мен артиллериялық жүйелерді шығарады. Ол қазақстандық Air Astana әуе компаниясының 16,95% үлесіне ие. Тағы бір ірі акционер – «Самұрық-Қазына» қоры (41%). 2024 жылдың ақпанында Air Astana IPO өткізді. Бастапқы орналастыруға дейін BAE Systems тасымалдаушының 49% үлесіне ие болған еді. IPO барысында әуе компаниясы акцияларының 25%-ы айналымға шығады.