Шерзат ісінен кейін, Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шерзат ісінен кейін, Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Бүгін, 30 қазан күні Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Талғар ауданының прокуроры Ерлан Тағаевты таныстырды.

Тағаев бұған дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, Талғарда жасөспірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін, өңірдегі бірқатар адам қызметінен кеткен болатын. Соның ішінде Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғaр ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Алматы oблысы прокуратурасының хабарлауынша, қылмысты жасаған күдікті ретінде 11 адам ұсталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен Айдос Рысбаев ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол 2023 жылдың қарашасынан бастап криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерін қадағалаған. 

Сондай-ақ оқыңыз