Польша Ресеймен шекарасында құны 2,5 млрд доллар болатын қабырға көтере бастады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Польша-Ресей шекарасында қабырға тұрғыза бастады
Польша-Ресей шекарасында қабырға көтере бастады/ Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Польша Ресей Федерациясымен ресми шекарасында құны 2,5 млрд доллар болатын қабырға көтере бастады. «Шығыс қалқаны» деп аталатын жоба құрылысы туралы алғаш рет 2024 жылдың көктемінде премьер-министр Дональд Туск айтқан еді.

«Шығыс қалқанының құрылысы басталды. Ресеймен шекарадағы алғашқы жұмыстар», – деп жазды Х парақшасында.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Польша шекарадағы қауіпсіздікті күшейту үшін «Шығыс қалқаны» жобасына 2,5 млрд доллар инвестиция құяды. Туск қабырға бойында қорғаныс бекіністері салынатынын атап өткен.

Осыған дейін Литва, Латвия, Эстония және Польша ЕуроОдақты ұзындығы шамамен 700 шақырым болатын қорғаныс шебін қаржыландыруға шақырған. Бұл одақ құрамына кіретін 4 елді Мәскеу тудыруы мүмкін қауіптерден сақтайтынын сөз болған.

2020 жылы Беларусьтегі президент сайлауынан кейін басталған саяси қудалардан беларусьтер Польшаға қаша бастаған. 2021 жылы Польша мигранттар ағынын тоқтату үшін Беларусьпен шекарасында құны 400 млн доллар болатын қабырға көтерген. 

Бұған дейін Грекия мен Польша Израильдің «Темір күмбез» үлгісінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құруға бастамашы болған. Мұндай жүйе ЕО елдерінің әуе қорғанысын бір жүйеге келтіруі қажет. 

Сондай-ақ оқыңыз