Қазақстан жергілікті тауар өндірушілердің астығын тегін экспорттау тетігін іске қосты
Қазақстан жыл басынан бері он айдың ішінде 2,2 млн тонна астық өңдеп үлгерді. Астықты ішкі нарыққа және басқа мемлекеттерге тасымалдады.
Ведмство қырмандағы жұмыс аяқталғанын хабарлады.
«2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында 2,2 млн тоннадан астам астық өңделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары. Арпа экспорты әсіресе қарқынды дамып, тек Иран нарығына 150 мың тоннаға жетеді», – деп жазды АШМ баспасөз қызметі.
Министрлік «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жаңа нарыққа шығуды көздеріп отырғанын мәлімдеген. Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдің астығын қабылдауға дайын отыр. Осы мемлекеттермен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге 19,5 млн АҚШ доллар болатын келісімшарт жасалған.
Қазақстан ішкі нарықта тауар өндірушілерді қолдауды қарастыруда. Олардың өнімін сыртқа тасымалдау үшін жаңа тәжірибе қолданылмақ.
«Бағдарламада шаруалардың астығын сатып алмай, толық көліктік қолдау көрсетілмей, фермерлер партиясын біріктіріп, тегін экспорттау қарастырылған. Валюталық кіріс тікелей шаруаға түседі», – деп хабарлады министрлік.
Қазақстан биыл 12 млн тонна астықты экспорттауды көздеп отыр. Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия нарығына шығу үшін келісімдер жасалып жатқаны мәлім болды.