Чехияның 60 азаматына Украина әскері сапында Ресейге қарсы соғысуына ресми түрде рұқсат берілді

Жарияланды
Чехияның 60 азаматына Украинада соғысуға рұқсат берілді/ фото: freepik

Жыл басынан бері Чехияның 60 азаматына Украинада Ресейге қарсы соғысуына рұқсат берді. Бұл жөнінде «Чехия радиосы» хабарлады.

Жалпы Президент кеңсесіне Украина әскерінің сапында болуға Чехия азаматтарынан 181 өтініш келіп түскен.

Киев жағындағы шайқастарға заңды түрде қосылу үшін Чехия азаматтары өз елінің Президентінен шетелдік қарулы күштерде қызмет етуге рұқсат алуы керек.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін кейін Президенттің рұқсатынсыз Украина армиясына қосылған чех еріктілері өздерін ақтау жөнінде жазбаша түрде кешірім сұрай алады. Бұл жағдайда оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылады немесе іс қозғалмайды. Құжатқа Чехия премьер-министрі де қол қоюы керек.

Сондай-ақ оқыңыз