Солтүстік Корея соғысқа араласқаны үшін Ресейден жылына 200 млн доллар, 700 мың тонна күріш, ғарыш технологиясын алмақ
Солтүстік Кореяда соғысқа араласқаны үшін Ресейден жылына 200 млн доллар, 700 мың тонна күріш, ғарыш технологиясын алмақ.
Бұл туралы барлау мәліметтеріне сүйене отырып, The Korea Herald атты оңтүстіккореялық басылым жазды. Ресей ай сайын солтүстіккореялық контингентке 20 миллион доллар жұмсайды. Әскерилерді айтпағанда, Ресейге КХДР-ден төрт мың жұмысшы келеді. Оларға айына 800 доллар айлық төлейді.
Солтүстік Кореяның жанжалға араласқаны үшін Ресей ғарыштық технология жіберуді көздеп отыр. Сондай-ақ, Корей түбегіндегі жағдай ушықса, әскери көмек беруге кепілдік берген.
Сонымен қатар, Мәскеу күріш жеткізуді арттыруды жоспарлап отыр. Пхеньян бұрын Ресейден жылына 50-100 мың тонна бидай алса, енді оның көлемін 600–700 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ.
Майданға жіберілген солтүстіккореялық қару-жарақтың өтемі ретінде азық-түлік жеткізілмекші.
Оңтүстік Кореяның Ресейдегі бұрынғы елшісі Ви Сон Лактің мәлімдеуінше, КХДР Украинаға соғысқа солдаттарын жіберген соң, Ресейден Корей түбегінде соғысуды талап етуі мүмкін.
«Ресей жағында Солтүстік Кореяның соғысқаны белгілі. Корей түбегінде жанжал болса, Солтүстік Корея енді «келіп, көмектеседі» деп Ресейге арқа сүйей алады», – дейді Ви.
Оның сөзіне қарағанда, Пхеньян Ресейге көмек беру арқылы қаржы және азық-түлік мәселелерін шешіп жатыр.