Германия прокуратурасы санкцияға ұшыраған ресейлік миллиардер Әлішер Усмановты тергеуді аяқтады
Франкфурт қаласының бас прокуратурасы ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген ресейлік олигарх Әлішер Усмановты тергеуді тоқтатты, деп жазды DW басылымы. Дүйсенбі, 4 қарашада Ресей Федерациясынан келген 71 жастағы кәсіпкерге қатысты алдын ала тергеу 2024 жылдың 11 қазанында үшін аяқталғанын хабарлады. Айыпталушы алым төлеуге келіскен.
Усманов енді 1,5 миллион еуро сомасын бірнеше коммерциялық емес ұйымға аударуы керек. Оған қоса, ол Германия мемлекетінің қазынасына 2,5 миллион еуро аударуға міндеттелді. «Бұл шарт орындалса, тергеу біржола тоқтатылады», – деді прокуратура.
Құзырлы орган Усмановтың бұл іс-әрекетіне көп уақыт өткенін және Германияға ешқандай шығын келтірмегенін ескерген.
Өз кезегінде кәсіпкердің адвокаттары прокуратура «Усмановқа тағылған айып бойынша нақты дерек таппағаннын, оның ішінде ақша жылыстатқанын» дәлелдей алмағанын мәлімдеді. Миллиардер шығындарды өтеу жөніндегі талапты орындауға әзір. Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп прокуратура шенеуніктеріне кінә тағудан да бас тартты.
2022 жылы Германияда БАҚ Усмановтың қатысы бар деген нысандарда тінтіді. Оның адвокаттары бұл мүліктің миллиардердікі емес екенін алға тартқан. Сол жылдың маусым айында Майндағы Франкфурт прокуратурасы Усманов ақшаны жылыстатты деген күдікпен тергеу ісін бастады.
2023 жылдың күзінде Майндағы Франкфурт соты Усмановқа қарсы тергеу аясында тінтуді заңсыз деп таныды. Сот ресми түрде барлық тінтуді тоқтатып, тергеу амалдары кезінде тәркіленген мүлік пен құжаттарды қайтаруды талап етті.
Былтырғы қараша айында Германияның Федералдық конституциялық соты тінтулердің заңсыздығына шағымданған Усмановтың арызын қабылдамады.
2022 жылдың ақпанында Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін Әлішер Усманов басқа да көптеген ресейлік кәсіпкерлер мен саясаткерлер сияқты Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Австралия және басқа елдердің санкцияларына ұшырады. Сол кезде Усмановтың Ресей президенті Путинмен «ерекше тығыз байланыста екені» және «Украинаны басып алуын белсенді түрде қолдайтыны» назарға алынды.