Қазақстандық Texol кәсіпорны индонезиялық PT Ahli Teknik Nusantara компаниясына жабдық жеткізе бастайды
Өнеркәсіпке арналған роботтар шығаратын қазақстандық Texol индонезиялық PT Ahli Teknik Nusantara компаниясына жабдық жеткізе бастайды, деп жазды «Интерфакс Қазақстан».
Индонезиялық компания Texol компаниясынан мұнай цистерналарын тазалауға және мұнай қалдығын өңдеуге арналған роботтарды сатып алады. Тараптар Қазақстандағы Индонезия елшілігінде келісімге қол қойды.
PT Ahli Teknik Nusantara бас директоры Нови Сумоланга: «Индонезиялық нысандарға Texol резервуарларын тазалау роботтық технологиясын енгізу мүмкіндігі нарықта бәсекеге қабілетті бағалар мен жоғары тиімділікті тудырады», – деді.
Texol Атыраудағы зауытта роботтар шығарады. Олар мұнай қалдықтарының көлемін азайтуға және мұнай өнімін 90% дейін өңдеуге мүмкіндік береді.
Роботтарды «ТексолКазСервис» компаниясы жасап жатыр. Egov.kz мәліметі бойынша құрылтайшылары Ғабдулхәкім Жәшібеков пен Шота Абхазава болып табылатын «ТексолТранс» компаниясына тиесілі. Ғабдулхәкім Жәшібеков – әділет генерал-майоры, осы жылдар ішінде Қорғас, ҚАЖК, Қаржы полициясы агенттігі, Президент Әкімшілігінде және Қауіпсіздік Кеңесінде басшылық қызметтерді атқарған. Шота Абхазава – жарыс жүргізушісі, жарыс автомобильдерінің дизайнері және ARTLine Қазақстан командасының құрушысы.
Texol компаниясының тазалаушы роботы Атырауда өткен Oil&Gas’2024 көрмесінде «Үздік инновациялық өнім» номинациясын жеңіп алды. Оның Еуропалық сапа сертификаты бар, ол өнімді ЕО елдеріне, Жапонияға, Швейцарияға, АҚШ-қа, Израильге, Австралияға, Жаңа Зеландияға және Канадаға экспорттау құқығын береді.
Texol тек цистерналарды тазалаумен ғана айналыспайды, сонымен қатар вагондарды жөндеп, қамтамасыз етеді, сұйытылған газды тасымалдайды және логистикалық автоматтандырумен айналысады.
2024 жылдың шілдесінде Texol компаниясы Атырауда қуаттылығы жылына 6 мың тонна жүк вагондарын шығаратын зауыт ашты. Компания 2027 жылға қарай компанияда 2,7 мың адам жұмыс істейді деп уәде берді.