2025 жылы еліміз 62,1% газбен қамтамасыз етіледі – Энергетика министрлігі

Жарияланды
Бұл 369,0 мың адамды немесе 140 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді/фото: Kursiv.media мұрағаты

Биыл елімізде 300 мың адам газға қол жеткізбек. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, елді газдандыру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оның деңгейі 2024 жылдың соңына дейін 61,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 369,0 мың адамды немесе 140 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шегініс жасасақ, 2024 жылдың 1 қаңтарында газдандыру деңгейі 60%-ға жеткен еді. 20 млн адамдың 12 млн-ы газға қол жеткізіп отыр.

2025 жылы газдандыру деңгейін 62,1%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл – 55 мыңнан аса адамды немесе 21 елдімекенді газбен қамтамасыз етеді деген сөз.

Айта кететін жайт, 2024 жылдың 15 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке жылдың аяғына дейін 300 мың адамды газбен қамсыздандырып, 1 700 шақырым газ құбырын жаңарту туралы тапсырма берген болатын.

Үкімет осы тапсырманы орындау мақсатында 105 млрд теңге көлемінде қосымша қарсы бөлу туралы шешім қабылдапты. «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан бөлінген бұл қаражат жергілік атқарушы органдарға 145 жобаны жүзеге асыру үшін берілген.

Мұның алдында депутат Елена Смышляева 2023 жылы газ инфрақұрылымына 194 млрд теңге жұмсалғанын, бірақ әкімдіктердің жұмысы ұлттық оператордың көңілінен шықпайтынын жеткізген болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз