Қазақстанда 1 млн адам банкрот жағдайында өмір сүрсе де, банкроттық рәсімдеуге асықпайды
Қазақстанда 1 млн азамат банкроттық шегінде өмір сүреді. Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты.
Ахметовтың мәліметінше, 1 млн қазақстандық банкроттық критерийлеріне келсе де, жеке тұлғаның банкроттығына өтініш бермеген.
«Банкроттық критерийлеріне сәйкес келетін 1 миллионға жуық азамат рәсімді қолдануға асықпайды»,- дейді комитет өкілі.
Бұл азаматтар 12 айдан астам уақыт бойы несие төлемеген. Несие төлеу қабілетінің төмендегеніне қарамастан, олардың банкроттық рәсімдеуге асықпауының бірнеше себебі бар.
- Біріншіден, халық банкроттыққа халық саналы түрде келеді.
- Екіншіден, банкроттыққа қатысты түсіндіру жұмыстары оң нәтиже бере бастаған.
Комитет статистикасына сәйкес, банкроттыққа өтініш беретіндер арасында ер адамдар басым. Банкроттыққа өтініш берген ер адамдар көрсеткіші 53%, әйелдер үлесі 47%-ды құрайды.
Ал банкроттыққа өтініш бершен адамдар саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары көш бастайды.