Airbus ұшқышсыз ұшатын Zefir аппаратын Қазақстанда сынақтан өткізуді көздейді
Франциялық Airbus компаниясы Zefir атты ұшқышсыз ұшатын аппаратты таныстырып, Қазақстан аумағында осы аппаратты пилоттық сынақтан өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің Францияға ресми сапары барысында сөз болды.
Министрліктің хабарлауынша, кездесу барысында Airbus-пен бірге ғарыш және әуе технологияларын дамытуға баса назар аударылған. Қазақстан табиғи ресурстарға мониторинг жүргізу, экологияның басқару және авиация саласын цифрландыру үшін Airbus шешімдерін пайдалануға мүдделі.
Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев сандық технология және жасанды интеллект саласында стратегиялық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде жетекші француз компаниялары мен мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесті.
Талқығы түскен жайттар – бұлтты технологиялар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғарыштық зерттеу және жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік салаларында ынтымақтастықты дамыту.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, француз тарабы Қазақстанның цифрлық трансформациясы саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап отыр. Және тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға әзір екенін білдірген.
Автоматтандыруға, масштабтандыруға арналған бұлтты шешімдер және цифрлық платформдардың қауіпсіздігі саласындағы Францияның ең ірі компанияларының бірі Clever Cloud бірлескен кәсіпорын құруды ұсынып, Қазақстан нарығына келіп, бизнесінің аумағын кеңейтуге мүдделілік білдірді.
«Clever Cloud Қазақстанды болашағы бар әріптес ретінде көріп отыр. Қызмет көрсетуді кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл еліміздің техникалық инфрақұрылымын күшейтуге мүмкіндік береді», – дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Synchrotron Soleil-мен арадағы келіссөз жасанды интеллект және үлкен мәліметтер саласындағы ғылыми ынтымақтастыққа жол ашып отыр. Жасанды интеллекті пайдалана отырып, үлкен мәліметтерді талдауға бағытталған бірлескен зерттеу жобалары талқыланды.
Thales-мен кездесу киберқауіпсіздік және технологиялық зерттеулер мәселесіне арналды. Министрге компанияның зерттеу институтында экскурсия жасатып көрсетті. Ол жерде жасанды интеллектке, кванттық есептеулерге және чиптерді әзірлеуге ерекше назар аударылды. Қазақстан аса маңызды инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін арттыру үшін Thales шешімдеріне мүдделі болып отыр. Сондай-ақ озық технологиялар саласында тәжірибе алмасып, еліміздің киберқауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі.
Францияның Жасанды интеллект және цифрлық трансформация мәселелері жөніндегі мемлекеттік секретариатымен кездесу кезінде екі елдің цифрлық тарнсформациясы мәселесі талқыланды. Оның ішінде GovTech саласында тәжірибемен алмасу да бар. Бұл салада Қазақстан елеулі табысқа жетіп отыр. Тараптар онлайы-кездесу өткізуге келісті. Осы арқылы озық жетістіктерімен алмасуға болады. Сонымен қатар келесі жылы ақпан айында Францияда өтетін AI Summit-ке қатысу жоспары сөз болды. Қазақстан бұл самитті Астанада өткізуді ұсынды. Сонымен бірге, француз тарабын жыл сайын өтетін Digital Almaty форумына қатысуға шақырды. OneWeb технологияларын пайдалану шалғай аймақтарды да жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамыз етеді.