Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды

Жарияланды
Қонаев қаласының арнайы тергеу соты 4 қарашада Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қарастырған/фото: instagram

Алматы облыстық полиция департаменті Талғар ауданында «Хуторлық бригада» басшысы деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевтың қанша уақытқа қамауға алынғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Алматы облысы Қонаев қаласының арнайы тергеу соты 4 қарашада Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қарастырған. Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға тергеу изоляторына қамалды.

Заңда оған тағылған айыптар бойынша «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін» үш жылдан сегіз жылға дейін, «адам ұрлағаны үшін» төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Айта кететін жайт, 4 қараша күні Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады.

Сол күні Хасан Қасымбаевтың жақындары Алматы облыстық полиция департаменті ғимаратының алдына келіп, Тоқаевқа үндеу жариялап, оның кінәсіз екенін айтып, араша сұраған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз