Грузия соты 30 учаскедегі сайлау нәтижесінің күшін жойды
Грузияда аудандық сот сайлауда құпия дауыс беру ережесі бұзылуына байланысты 30 учаскедегі нәтиженің күшін жойды.
Істің мәні
5 қарашада өткен сот отырысында елдің оңтүстігіндегі Тетрицкарой және Цалк аудандарындағы үш кездейсоқ учаскеде тексеру жүргізген. Сот эксперименті нәтижесінде белгілі бір партияға қойылған белгі бюллетеньдердің арт жағынан көрінетіні белгілі болған. Яғни сайлау комиссиясы кімнің қандай партияға дауыс бергенін бақылап отыра алады.
Грузия Орталық сайлау комиссиясы соттың шешіміне шағымдана алады. Дегенмен сарапшылар шешімнің күші жойылатынына күмәнмен қарайды.
Шағымды кім түсірген?
Грузияның Жас заңгерлер қауымдастығы дауыс беру құпиясын бұзу туралы шағым түсірген. Бірлестік 2 мыңнан астам учаскедегі сайлау нәтижелерін жоюды талап еткен.
Сарапшылар пікірі
Edison Research әлеуметтану институты Грузиядағы сайлау нәтижелерін шығару кезінде манипуляция жасалды деген қорытындыға келген. Бұған экзитпол мен ресми нәтиже арасындағы 13% алшақтың әсер етіп отыр. Edison Research бағалауы бойынша «Грузин арманы» 40,9% ал оппозициялық партиялар 51,9% дауыс жинауы керек болған.
Алайда ресми нәтиже бойынша сайлауда 53,9% дауыс жинаған «Грузин арманы» жеңіске жетті. Парламентке енген өзге 4 партия сайлау нәтижелерімен келіспей байкот жариялады. Нәтижені ел президент Саломе Зурабишвили де мойындамай, халықты митингке шақырған. Митингтен кейін бюллетеньдер қайта саналғанымен нәтижеге әсер етпеген.