Ердоған қырғыздардың қарызын кешіріп, Жапаровқа электромобиль сыйлады

Жарияланды
TOGG Түркияның Бурса аймағында шығарылады/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Реджеп Тайып Ердоған Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Садыр Жапаровқа Түркияда жасалған TOGG электромобилін тарту етті. Бұл туралы Қырғызстан президентінің әкімшілігі хабарлаған.

24 kg порталының жазуынша, көлікті Садыр Жапаров рульге отырып жүргізіп көрген. Ердоған көлікті қалай басқару туралы мағлұмат беріп, қасында отырған.

TOGG Түркияның Бурса аймағында шығарылады. Электрокардың құны $28 мың доллардан басталады. Негізгі жабдықтары қамтылған кроссовердің моторында 204 аттың күші бар. Қымбат нұсқаларында қосымша күш құрылғылары орнатылған.

Айта кететін жайт, Түркия басшысы Бішкекке кеше келген еді. Оны Садыр Жапаров «Манас» әуежайында күтіп алды. Ердоған «Ата-Бейит» тарихи-мемориальды кешенін көрді.

Түркия Қырғызстанның сыртқы қарызын кешіріп отыр.

6 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммиті өтеді. Саммит «Түркі әлемінің күшеюі: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және бәрі үшін қауіпсіздік» деп аталады. Қырғызстанда Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің президенттері бас қоспақ.

Сондай-ақ оқыңыз