ҚТЖ Франция кәсіпорнымен бірлесіп жаңа электровоз шығарады

Жарияланды
фото: kursiv.media

Темір жол саласында Қазақстан мен Франция жаңа жобаны бірге атқаруға келісті. ҚТЖ француздық компаниямен электровоздың жаңа үлгісін жасамақ. Елордадағы зауытта KZ6A моделін шығарады.

«Бұл модель жүк тасымалын дамыту қажеттіліктеріне жауап береді және 1980 жылғы үлгідегі ВЛ-80 ескірген локомотивтерін ауыстыруға келеді. Электровоздың жаңа түрі 40% арзанырақ, үнемді, энергия тұтынуды 20% төмендетуге мүмкіндік береді», – деп жазды ҚТЖ ресми телеграм арнасында.

Жаңа электровоздың өндірісті және асинхронды тартқыш қозғалтқыштары болады. «ALSTOM Transport SA» француз кәсіпорны Қазақстанға 50 миллион евро инвестиция қаржысын бөлмек. Осы қаражатқа электровоздарға техникалық қызмет көрсететін 4 нысан ашылады. Жоба бойынша 700 жұмыс орны жасақталмақ. Екі елдің арасындағы келісім Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға баруына байланысты жүзеге аспақ.

Сондай-ақ оқыңыз