Макрон Тоқаевтың Францияға келуіне байланысты Х желісінде қазақ тілінде пост жариялады
Жарияланды
5 қарашада Франция президенті Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) қазақ тілінде жазба жариялады. Ол Қазақстан мен Франция халықтарын біріктіретін дәнекер достық, ынтымақтастық екенін атап өткен.
«Қош келдіңіз, құрметті серіктес, құрметті дос
Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздары біріктіретін терең достық атап өтеміз», – деп жылы лебіз білдірді Франция Президенті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 4 қарашада мемлекеттік сапармен Францияға келді. Оны Париж әуежайында Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро күтіп алды. Одан кейін екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған ресми сапар бағдарламасы басталды.