АҚШ-тағы президент сайлауы: Харрис артта келеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
АҚШ сайлауы Харрис
АҚШ-тағы президент сайлауы: Харрис артта келеді / Фото: Shutterstock

АҚШ-тағы президент сайлауында 27 штатта алдын ала нәтиже жария болды. Әзірге Республикалық партиядан үміткері Дональд Трамп жеңіске жақын тұр.

Тікелей эфирде дауыс санап жатқан NBC арнасы 27 штат тұрғындары өз таңдауын жасап болғанын жазған. Алдын ала есеп бойынша 9 штатта демократтар үміткері Камала Харрис жеңсе, қалған 18 штатта Дональд Трамп алда келеді.

Харриске Колорадо, Делавэр, Илиноис, Мариленд, Массачусетс, Нью-Йорк, Род-Айленд және Вермонд штаттары көп дауыс берген. Ең көп дауысты Вашингтонда (89,8%) жинаған. Ең аз дауысты Вайомингте (19,3%) алған.

Трампқа Алабама, Арканзас, Флорида, Индиана, Канзас, Кентуки, Луизиана, Миссисипи, Миссури, Монтано, Солтүстік Дакота, Огайо, Оклахома, Оңтүстік Каролина, Оңтүстік Дакота, Теннесси, Техас, Шығыс Виджина мен Вайоминг штаттары көп дауыс берген. Ең көп дауысты Вайомингте (78,8%) жинаса, ең дауысты Вашингтонда (7%) алған.

Алда әлі 23 штаттың алдын ала қорытындысы шығуы қажет. Ең кем дегенде 270 сайлау коллегиясының дауысын жинау қажет. Трампта қазір 207 коллегияның дауысы бар, Харристе бар болғаны 91 коллегия дауысы бар.

Елдің батысындағы халық ең көп тұратын аймақтарда дауыс беру әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы басталған. Сайлаудың қорытындысы Қазақстан экономикасы мен сыртқы қарым-қатынасынан қалай әсер ететіні туралы саясаттанушылар пікірін жариялаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз