Ауыл шаруашылық субсидияларын ұрлады деген күдікпен «Шаңырақ» бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алмасбек Садырбай
Алмасбек Садырбай ұсталды / / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы облысында бірнеше қожалықтан ауыл шаруашылық субсидияларын ұрлаған «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталды.

Істің мәні

Қаржы мониторингі агенттінің ақпаратына сүйенсек, Алмасбек Садырбай Балқаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр және Кеген аудандарында шаруа қожалықтарымен бірлесіп, кооператив құрады.

Ол ұсақ малдың аналық басын көбейтуге және жемшөп шығындарын өтеуге субсидиялар алады. Алайда ол кооперативке қосқан қожалықтардың жайылымдық жері болмаған. 

Алайда оған жайылымдық жердің болмауы кедергі келтірмеген, себебі кооператив басшылығы атынан жалған кадастрлық нөмірді көрсетіп, субсидияға өтініш бере алған. Қашықтан өтініш бергенде кооператив басшылығының ЭЦҚ-кілттерін қолданған. Оның өтініші мақұлданып, мемлекеттен 1,2 млрд теңге көлемінде субсидия ала алған.

Алматы облысы қаржы мониторингі агенттігі мен облыстық прокуратура өкілдері Садырбай әрекетін әшкерелеп, сыбайласымен қоса ұстаған.

Алмасбек Садырбай деген кім?

Ол ауыл шаруашылығы саласында танымал, белсенді азамат. «Шопан-aтa» Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып келеді. Меринос, Суффолк және Гэмпшир тұқымды қойлар санын көбейту жұмыстарымен айналысқан. Осыған дейін Алматы қаласында бір басқарманың мемлекеттік сатып алуларына жауапты болған.

Сондай-ақ оқыңыз