Wildberries жанармай бекеті желісін ашатынын жариялады

Жарияланды
Биыл қыркүйек айында Мәскеу орталығындағы Wildberries офисі маңында жанжалдың соңы атысқа ұласты/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Wildberries және Russ жанармай бекеті желісін іске қосты. Бұл туралы РБК хабарлады.

Жанармай бекеттері Wildberries компаниясының логистикалық орталықтары аумағанда орнатылмақ. Әзірге ол жерден Wildberries пен Russ-тің көлік жүргізушілері ғана май құяды. Бірақ компания барлық көлік жүргізушілер үшін бекет ашуды қарастырып отыр.

Хабарламаға қарағанда, бұл бекеттер компания жүргізушілерінің уақытын қысқартып қана қоймай, тиімді жағдай жасап, логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік бермек. Жүргізушілерге ақы төлеу үшін WB Drive қосымшасы арқылы бекеттегі QR-кодты сканерлеу жеткілікті.

«Wildberries және Russ-тің бірлескен жанармай бекетіне Орхан Мусайев басқаратын Көлік логистикасы департаменті жауап береді. Жеке жанармай бекеттері – логистикалық үдерістерді оңтайландыру және шығындарды азайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі», – делінген компаниясының хабарламасында.

Wildberries және Russ маусым айында бірігетінін жария еткен болатын. Ресей билігі бұл мәмілені мақұлдаған. Ондағы мақсат – америкалық Amazon, Alphabet, қытайлық Alibaba и жапониялық SoftBank тәрізді компанияларға бәсекелес құрып, Африка, Азия, Таяу Шығыс, ТМД және Қытай нарығында өз орнын табу.

Бірлескен мекеме «РВБ» ЖШҚ құрылтайшылары – «Вайлдберриз» ЖШҚ (65%), Russ-тің негізгі иесі – «Стинн» ЖШҚ (35%).

Айта кететін жайт, Wildberries-тің негізін қалаған кәсіпкер әйелдің күйеуі Владислав Бакальчук екі компанияның бірігуіне қарсы шыққан еді. Ол Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесіп, бизнесін Russ басшысы Роберт Мирзоян мен оның бауыры Леван Мирзоян «рейдерлік жолмен» тартып алғанын мәлімдеген.

Бакальчуктің әйелі Татьяна Ким болса, «бұл рейдерлік тартып алу емес, ажырасу» деп мәлімдеген еді. Қазір жұбайлар ажырасып, дүние-мүліктерін бөлісіп жатыр.

Айта кететін жайт, биыл қыркүйек айында Мәскеу орталығындағы Wildberries офисі маңында жанжалдың соңы атысқа ұласты. Екі адам қаза болып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Маркетплейстің негізін қалаған әйел бұл оқиғаны «рейдерлік жолмен тартып алуға ұмтылу» деп атаған болатын.  Ол күйеуін заң аясында әрекет жасауды, «90-жылдардағыдай есеп айырысудан» бас тартуға шақырған еді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз