Halyk Finance Air Astana акцияларын сатып алуды ұсынды. Құнды қағаздар бағасы 54% өсуі мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Air Astana акциялары қымбаттай ма? / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылғы 5 қарашада Air Astana қаңтар-қыркүйек аралығындағы есебін жариялаған еді. Әуе компаниясының түсімі 12,7%-ға өсіп, 459,365 млрд теңгеге жеткен. 

Сонымен қатар үшінші тоқсанның да нәтижелерін хабарлады. Бұл ретте Halyk Finance Топтың үшінші тоқсандағы қаржылық және операциялық нәтижелері болжамға сай болғанын хабарлады.

«Қазіргі операциялық және қаржылық динамикасына сәйкес көрсеткіштер бойынша біз Air Astana Group акциялары мен ЖДҚ-ның мақсатты бағасын сақтаймыз. Осылай акция бағасы сәйкесінше 1175 теңге және 10 доллар шамасында болады деген болжаммен құнды қағазды сатып алуды ұсынамыз», – деп жазылған Halyk Finance талдауында.

Сарапшылар болжамынша әлеуетті өсім 54%-ға жетеді.

«Компанияның жылдық нәтижелері жарияланғаннан кейін мақсатты бағаны қайта қарауды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Halyk Finance .

Еске сала кетсек, Air Astana 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында кірісін 13%-ға арттырды. Бұл ретте компания таза пайдасы туралы мәлімет бермеді.

Жуырда қазақстандық биржалардағы ең тартымды акциялар тізімі жарияланды. Бұл ретте әуе компаниясының құнды қағаздары сегізінші сатыдан табылды. Қазақнның қорытындысы бойынша Air Astana акцияларымен сауда көлемі – 1,003 млн теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз