EXEED жаңа кроссоверлерін таныстырды. Премиум санаттағы гибридтер Қазақстан нарығына қашан келеді?

Жарияланды 7 Қараша 2024 18:55

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: Exeed баспасөз-қызметі

Қытайдың EXEED маркалы көліктері тағы үш бірдей жаңа нұсқамен толықты. PHEV технологиясындағы EXEED RX пен EXLANTIX ET REЕV гибрид кроссоверлері және толықтай электрлік EXEED ES маркалы көлігін ресми түрде шығарды. Премиум санаттыағы EXEED-тің бұл маркалары Қазақстан нарығына 2025 жылдың сәуір айында келеді деп жоспарлануда. Гибрид үлгідегі жаңа модельдер қандай артықшылыққа ие, талғампаз тұтыншыларын Қытай бұл жолы несімен таңқалдырды?

16-22 қазан аралығында Аньхой провинциясының Уху қаласында (Wuhu)  халықаралық саммит өтті. Оған әлемнің 140 елінен, оның ішінде Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және Австралиядан 600-ден астам адам жиналды. БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер және автотұтынушылар бір апта бойы компанияның инновациялық жаңашылдықтарымен танысты. Orbis Auto компаниялар тобына кіретін EXEED ресми дистрибьюторының ұйымдастыруымен халықаралық шараға Қазақстаннан да бір топ делегация барды. Алдағы уақытта ел нарығына келетін қытайлық автобрендтермен алғашқылардың бірі болып Kursiv Media тілшісі де танысып қайтты. Кursiv.media репортажынан тілшіміздің сынақ-драйвқа қатысып одан алған әсері мен көліктердің техникалық әлеуеті жайлы ақпаратты толыққанды біле аласыз.

Пекин-Уху бағыты: бір рет қуатталған гибридтер 1100 шақырымды бағындырды

Саммит аясындағы басты оқиғалардың бірі EXEED RX және EXLANTIX ET гибридті нұсқаларының сынақ-драйвы болды. Сауд Арабиясы, Ресей және Қазақстаннан келген топ жаңа технологиядағы бұл көліктердің шынайы мүмкіндіктерін көрі үшін сынақтан өткізді. Бір рет қуатталған бұл автокөліктер 1100+ шақырымнан асатын қашықтықты еңсере алады. Компанияның премиум бренді саналатын бұл маркалар расымен де осыншалықты қашықтықты оп-оңай жүріп өте ала ма? EXEED -тің жаң модельдерінің шынайы әлеуетін сынап көрі үшін қашықтығы 1100 шақырым болатын Пекин-Цзинань-Уху бағытына бет алдық. Ұйымдастырушылар гибрид көліктің жанармай құю және қуаттау қақпағына арнайы жапсырма жабыстырғанын байқадық, осылайша олар еш қуаттаусыз EXEED-тің штаб пәтері орналасқан Уху қаласына жете алатынын дәлелдемекші.

Фото: Exeed баспасөз-қызметі

EXEED –тің екі бірдей кроссовер модельін сынақ тестінен өткізу екі күнге ұласты. 17 қазан күні Пекиннен Цзинаньға бет алып 400 шақырымдық  жол жүрілді.  Бұл аралықта үш мемлекеттен келген делегаттар жолаушы ретінде және көлікті жүргізіп көруге мүмкіндік алды.

Келесі күні делегаттар EXEED маркалы көліктердің негізгі ошағы Уху қаласына аттанды. Зауыта да, шатб-пәтері де дәл осы қалада. Шын мәнінде тест-сынақтың мақсаты орындалды десе болады, бір-ақ рет толық қуатталған EXEED-тің екі жаңа модельі 1100 шақырымды еш қиындықсыз жүріп өтті.

EXEED -тің флагмандық модельі EXLANTIX ET REЕV бестселлерге  айнала ма? 

Сонымен REЕV және PHEV технологиясындағы EXEED көліктері қандай артықшылықтарға ие? Қытайлықтар бұл жолы несімен таңқалдырады деген сұрақ туындайтыны да заңдылық. Олай болса, EXLANTIX ET және EXEED RX PHEV көліктеріне шолу жасап шықсақ. 

EXLANTIX ET- премиум сегментіндегі толық көлемді кроссовер. Сондай-ақ EXLANTIX электрлік және гибрид қозғалтқыш қондырғылары бар премиум көліктерді шығаратын EXEED -тің суббренді. Биыл көктемде Қытайда бұл кроссовер EXEED Sterra ET атауымен таныстырылған болатын. Ол седанмен бір стильде жасалған, тіпті есіктердің жақтаусыз дизайны да сақталған. Алайда, экспорттық EXLANTIX ET нұсқасы көптеген айырмашылықтарға ие.

Назар аударатын басты ерекшеліктің бірі әрине REEV технологиясы, бұл дегеніміз электр көлігі бензин қозғалтқышынан да қуат алады.

Фото: Exeed баспасөз-қызметі

Сонымен EXLANTIX ET электрлік платформадағы нұсқасына келер болсақ, бұл модельдің алдыңғы панельдің орнына тік жолақтары бар имитациялық радиатор торы бар. Кроссовердің ұзындығы – 4955 мм, ені 1975 мм, биіктігі – 1975 мм, ал дөңгелек базасы 3000 мм.

Салонның дизайны мен функционалдығы жоғары деңгейде, мультимедиялық экран мен физикалық батырмалары EXLANTIX ET көлігінің стилін ерекшелендіріп көрсетеді. Әрлеу материалдары эко-наппа былғары мен алькантара. Панорамалық төбе, қос қабатты әйнек көлік салонының күн сәулесінен шамадан тыс қызып кетуіне жол бермейді. Хош иісі бар үш зонадағы климат бақылау жүйесі бар. Алдыңғы орындықтары жылыту, желдету, массаж, тіпті позицияны есте сақтайтын электр реттегіштері бар.  Салонның артқы бөлігіндегі орындықтар да электр жетегімен жабдықталған, соның арқасында оларды толықтай жатқызуға және бүктеуге болады. Ал жүксалғышта артық басқару батырмалары бар. бір сөзбен айтқанда, талғампаз тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыру үшін қажетті ыңғайлылық ұтымды қарастырылған. Ішкі салонның дизайны да назар аудартпай қоймайды.  

Күштік қондырғы құрамына келер болсақ, 1,5 литрлік турбомотор  және 469 аттың күші бар. 634 Нм, ал 400 вольтты батареяның қуаты 43 кВт/сағ. Алдыңғы тежегіштерде алты поршеньді механизмдер бар, қуат қоры WLTC циклі бойынша 1238 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтуге мүмкіндік береді. 

EXLANTIX ET гибрид нұсқасында артқы осьте орнатылған «негізгі» электр қозғалтқышы бар. Қытайда ол 265 ат күшін дамытады және оған 156 ат күші бар 1,5 бензин қозғалтқышы көмектеседі. Седанды қуаты 82 киловатт-сағат болатын 800 вольтты аккумуляторы бар нұсқада сатып алуға болады, ол 530 километрге дейін автономды жүруді қамтамасыз етеді. Электр станциясында жалпы қуаты 480 ат күші бар екі электр қозғалтқышы бар.

Фото: Exeed баспасөз-қызметі

EXLANTIX ET моделінің plug-in гибрид нұсқасы 400 вольттық электр архитектурасына және артқы осінде орналасқан бір тартқыш электромоторға ие (265 а.к., 324 Нм). Алдыңғы бөлігінде 1,5 литрлік бензинді турбомотор орнатылған (156 а.к., 220 Нм). Тартқыш батареяның сыйымдылығы — 32 кВт·сағ, бұл қозғалтқышты қоспай-ақ 200 км жүруге мүмкіндік береді (CLTC циклі бойынша). Ал гибрид режимде толық қуат/жанармай құюмен жүріс қоры 1518 км-ге жетеді. Гибрид кроссовер 100 км/сағ жылдамдыққа 7,8 секундта жетіп, ең жоғары жылдамдығы 180 км/сағ құрайды.

Гибрид EXEED RX C-DM: ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары

Алдағы уақытта Қазақстан нарығында пайда болатын EXEED RX PHEV гибрид кросовері де Пекин- Уху бағытындағы 1100 шақырымдық  автошеруде сынақтан өтті. C-DM технологиядағы (параллельді гибрид) EXEED RX толық жетекті кросовер. EXEED RX C-DM-ның сыртқы дизайны визуалды тұрғыда бензин нұсқасынан іс жүзінде еш айырмашылығы жоқ. Десе де көліктің жақтаусыз радиатор торы және«ағынды қозғалмалы» жарық диодты шамдары ерекше сән беріп тұрады. 

RX-те DVR деп аталатын штаттық видеотіркеуі бар, траекториясын көрсететін 360 градустық панорамалы камерасы арқылы көлік қозғалысы қауіпсіз бола түседі.

Фото: Exeed баспасөз-қызметі

Автокөліктің габариттік өлшемдері – 4781 х 1920 х 1671 мм, ал дөңгелек базасы 2815 мм-ге тең. Бұл өлшемдер көлікке кең және ыңғайлы ішкі кеңістік беріп, жолаушыларға жайлы жағдай жасайды.

Көліктің қуат блогына келсек, 1,5 литрлік бензин турбомоторы және 156 аттың күшіне тең.  Кроссовер үш сатылы DHT роботтық беріліс қорабымен жабдықталған. Алдыңғы жетекті кроссовердің жалпы өнімділігі 367 аттың күші  605 Нм момент беретін, толық жетекте – 605 а.к. және 915 Нм. Мұндай қуат бірліктері көліктің үнемділігін арттырып, экологиялық талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда экологиялы, заманауи, озық технология және үнемді мотор.

RX C-DM үлгісі қаттылығы реттелетін CDC амортизатор жүйесімен жабдықталған, бұл жүйе жолдағы жайлылықты арттырып, күрделі жол жағдайларында да тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл технология жүргізушіге әр сапарда жоғары басқару сезімін береді. Бұл модель жоғары өнімділік пен ұзақ қашықтыққа жүруді қамтамасыз ете отырып, энергияны аз тұтынады. Мәселен, PHEV  технологиядағы EXEED RX  бір рет қуатталған режимде Пекин-Цзинан-Уху бағытындағы қашықтық 1100 шақырымды оп-оңай еңсере алды. Шын мәнінде, гибрид режимдегі кроссовердің әлеуеті одан көп шақырымға жете алады, нақтырақ айтсақ 1300 шақырымнан асатын ұзақ қашықтыққа дейін бара алады. Осындай қосарланған қуат режимдері қуаттау инфрақұрылымы әлі дамымаған аймақтарда қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Фото: Exeed баспасөз-қызметі

Жалпы, EXEED EXLANTIX ET және EXEED RX PHEV Қытай нарығында ресми сатылымға шықты. Қысқа уақыт аралығында бұл модельдер  тұтынушылардың оң бағасына алып үлгерген және жоғары сұранысқа ие. Компания  гибрид көліктерді экспортқа шығару бойынша нақты мерзімі нарықтағы жағдай мен дайындық жұмыстарының барысына байланысты белгіленетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз