Қазақстан астанасындағы әуежайды сенімгерлік басқару құқығы бойынша БАӘ холдингі келісімшарт мерзімін ұзартты

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Холдинг из ОАЭ продлил право управление аэропортом столицы Казахстана
БАӘ компаниясы Астана әуежайын сенімгерлік басқару бойынша уақытын ұзартты/ shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

2023 жылдың 7 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы компаниясының акцияларының 100%-ын бір жылға сенімгерлік басқаруға алған Terminals Astana Airport Management компаниясы бұл иелік ету құқығын 2025 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартты.

«Қазіргі уақытта сенімгерлікпен басқару шарты күшінде қалды, шарттың қолданылу мерзімі 2025 жылдың 7 қаңтарына дейін өзгертілді», – деп хабарлады елорда әуежайының иесі – Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Kursiv Media сауалына жауап бергенде.

Бұл ретте комитет аталған сенімгерлік басқару шарты бойынша барлық ақпарат құпия болып табылатынын атап өтті. Ол бойынша қандай да бір мәліметтерді беруден бас тартты. Қазіргі басқарушы компаниямен келісімшарт мерзімі аяқталған жағдайда әуежайды кім басқаратыны белгісіз болып отыр.

«Әуежай акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқаруға беру шарттарына келетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шартының талаптарына сәйкес тараптар барлық ақпарат құпия болып қалатыны жөнінде келіскенін атап өтеміз, осыны сақтау үшін барлық қажетті шара қабылданады. Демек елорда әуежайындағы мемлекеттік акциялар пакетін беру шарттары туралы хабарлау мүмкін емес. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін кері сатып алу мәселесі бойынша сенімгерлікпен басқару шарты 2025 жылдың 7 қаңтарына дейін (қолданыс мерзімінің өзгеруін ескере отырып) кейіннен сатып алу құқығынсыз жасалғанын атап өтеміз», – деді комитет.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Terminals Holding құрамына кіретін Terminals Astana Airport Management Астана әуежайын 2023 жылдың күзінде сатып алу құқығынсыз 2024 жылдың 7 қарашасында аяқталатын бір жылға сенімгерлік басқаруға алды. Инвестор елорда әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамытуды жоспарлаған. Араб холдингі 2024 жылы орындалған ұшу-қону жолағын жаңғыртуға уәде берді. Сонымен қатар, компания мемлекет пен Terminals Holding мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, әуе айлағын дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспарын әзірлеуі керек болды.

Инвестор қандай шарттармен әуежайды басқаруды мойнына алғаны айтылмады. Terminals Holding әуежай және авиация қызметтерін жеткізуші болып табылады. Компания халықаралық әуежайларды салу, пайдалану және басқару тәжірибесі бар. Азия мен Африкадағы клиенттерге қызмет көрсетеді. Бұл холдинг – «ҚазМұнайГаз» («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы) компаниясымен ынтымақтасатын Abu Dhabi Ports Group тобының бауырлас компаниясы.

Terminals Holding Өзбекстандағы Навои әуежайын дамытуда. TISL басқару қызметтерінің еншілес компанияларының бірі Сомалидегі екі әуежайды басқарып отыр: Босаса және Бербера. Компанияның веб-сайтында оның жалпы құны 2 миллиард доллар болатын активтерді басқаратыны айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз