Миллиардер Владимир Кимге тиесілі Bank RBK таза пайдасын 30 пайызға арттырды
Миллиардер Владимир Кимге тиесілі Bank RBK 2024 жылдың тоғыз айында қаржы көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартқан. Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, банктің таза пайдасы 2023 жылдың 9 айындағы 33,4 млрд теңгеден 30,6%-ға өсіп, 43,6 млрд теңгені құрады.
Активтері мен міндеттемелері қандай?
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаржы ұйымының жиынтық активтері де, міндеттемедері мен жеке капиталы да біршама артқан. Соның ішінде:
- активтері 6,7% өсіп, 2,18 трлн теңгеге;
- Міндеттемелері 5,7%-ға өсіп, 1,98 трлн теңгеге;
- Капиталы 18%-ға артып, 193 млрд теңгеге жеткен.
Қанша несие берген?
2024 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша банк 1,28 трлн теңге көлемінде несие берген. Соның ішінде корпоративтік секторға берген кредитінің үлесі барсым. Соның ішінде:
- Корпоративтік несие – 657,8 млрд теңге;
- Шағын және орта бизнеске берілген несие – 146,8 млрд теңге;
- Тұтынушылық несие – 441,1 млрд теңге;
- Ипотекалық несие – 39 млрд теңге теңгені құраған.
Bank RBK-де клиенттердің 1,4 трлн теңге көлемінде қаржысы сақталған. Қаржы ұйымының негізгі акционері – Владимир Ким. Ол банк акцияларының 89%-дан астамына иелік етеді. Fл 6,5%-ы банктің басқарма төрағасы Наталья Акентьеваға тиесілі.
Мемлекет көрсеткен қолдау қаржыны қайтарды ма?
2017-2018 жылдары Bank RBK қаржы секторын сауықтыру бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған. Қазіргі уақытта банк 243,7 млрд теңгенің 12,1%-ын немесе 29,6 млрд теңгесін қайтарды.
Қазіргі кезде Қазақстандағы 5 банктің балансында 1,5 трлн теңгеге жуық мемлекеттік көмек бар. Олар: БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan Bank және Nurbank.
Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер қатарына кіреді және $3,6 млрд байлығымен ең бай қазақстандықтардың тізімінде төртінші орында тұр.