Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің бірі – Олег Новачуктың компаниясы қосымша 1,6 млрд теңге дивиденд төледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Олег Новачук
Фото: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына енетін Олег Новачуктың Finaccord Limited компаниясы акционеріне қосымша 1,6 млрд теңге дивиденд төледі. Жалғыз акционердің шешімі Қазақтан қор биржасы сайтына орналастырылған.

Finaccord Limited – 2022 жылы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген компания. Ол акционердің қаржысын қоса алғанда, жеке инвестициясын басқарумен айналысады.

Компания 2023 жылы 14,8 млрд теңге таза пайда тапқан. Соның 4,8 млрд теңгесі бұған дейін акционеріне дивиденд ретінде төленген. Енді 10 млрд теңгетаза пайдасынан тағы да 1,6 млрд теңге дивиденд бөлді.

1,6 млрд теңге немесе Ұлттық банктің 28 қазандағы бағамына сәйкес, 3,4 млн доллар акционердің банктік шотына аударылған.

Жеке компания толығынымен кәсіпкер Олег Новачуктың иелігінде. Новачук 2007 жылдан бері KAZ Minerals PLC басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ,  KAZ Minerals-тың 36,5% акциясына иелік етеді.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер қатарында. Оның байлығы 265 млн долларға бағаланып, 34 орында тұрақтаған.

Сондай-ақ оқыңыз