Naimi.kz жобасының негізін қалаған Ұлан Қайырбеков Yandex Qazaqstan компаниясына қызметке орналасты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Дастан Шанай

OLX Kazakhstan компаниясының бұрынғы бас директоры Ұлан Қайырбеков Yandex Qazaqstan компаниясына орналасты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлан Қайырбеков Яндекс Поиск сервисін дамытумен айналысады. Ол Қазақстандағы Яндекс Поиск қызметінің стратегиялық дамуы, жаңа сценарийлер мен технологияларды енгізуге жауапты болмақ.

Ол бұған дейін 2,5 жыл OLX Kazakhstan компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, ол қызмет көрсету және жұмысшы іздеу платформасы – Naimi.kz жобасын құрған.

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту мен нейрожелі негізінде өнімдер мен қызмет әзірлейтін технологиялық компания. Ол Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Цифрлық орта мен пайдаланушылардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды енгізумен айналысады.

Голландиялық Yandex N.V. компаниясынан бөлініп шыққан Yandex Qazaqstan қазір ресейлік Яндекс тобынің құрамына кіреді. Қазақстандық компанияның тікелей иесі – британдық Yandex N.V. компаниясы.

Yandex Qazaqstan 2023 жылы Қазақстанда 23 млрд теңге салық төлеген. Компания Алматыда жаңа кеңсесін ашты. Қазірдің өзінде онда 500-ден астам қызметкер бар.Қазіргі уақытта елімізде 10-нан астам компания сервисі жұмыс істеп тұр. Оның қатарында іздеу жүйесі, қалалық қызмет, бұлттық және геосервистер, ойын-сауық және білім беру жобалары бар.

Сондай-ақ оқыңыз