Министрдің бұйрығы күшіне енгенше прокуратура қолдауымен кәсіпкерлер алманы шекарадан өткізіп үлгерді
Бизнесмендер Еуропадан алып келе жатқан алманы шекарадан өткізе алмаған. Қазақстанның Көлік прокуратурасы оларға көмектесіп, тауарын заңдастыруға көмектесті.
Бар мәселе – Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына қатысты болып шықты. Ведомствоаралық комиссия жыл соңына дейін алма алып келуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді.
Соған байланысты 5 қазанда министрдің бұйрығы шыққан. Бірақ шектеу шарасы заң жүзінде үш күннен кейін іске қосылған. Осы аралықта кәсіпкерлер алманы алып келген.
«Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданды», – деп түсіндірді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Шекарда сегіз жүк көлігі тұрып қалған. Прокурорлар бизнес өкілдерінің құқығын қорғап, Мемлекеттік кірістер комитетіне жағдайды реттеуге нұсқау берді.
«Кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды», – деді ведмсвто.
Сегізінші қарашаға дейін келіп үлгерген кәсіпкерлер кеденнен өтуге рұқсат алды. Қадағалау актісі аясында олар Еуропа елінен жаңадан сатып алған алманы қоймаға жеткізді.
Алма тасымалына тыйымның ЕАЭО-ға қатысы жоқ. АШМ шетелден келетін алмаға шектеу қоятынын мәлімдеді. Отандық фермерлер импорт қысымынан өз тауарын өткізе алмай, қиналатынын мәлімдеген.