QALAM-ның апта таңдауы: Үрейлі Лондон, Көйлек киген күзетші, Самарқандағы қаңғыбас дәруіштер

Жарияланды 9 Қараша 2024 10:23

(жаңартылды 9 Қараша 2024 10:25)
post.authors.0.name

Unknown Author

Фото: shutterstock

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада:  Мариам Новикованың «Үрейлі лондон» танымдық мақаласы. Ольга Гумированың Ордақұлдағы сырлы петроглиф туралы жазбасы және адамзат жеткен ұлы өркениеттердің бірі уақыт өлшемін қарастырған «Жазғы-қысқы уақыттың пайда болуы» зерттеу мақаласынан Адамдар сағатты қашан жылжыта бастады деген сұраққа жауап табасыз. Сонымен қатар жаңадан ашылған «Фотоархив» айдарында кісінің кісілігі киімінде емес… деген ұғымды нақтылай түсетін «Самарқандағы қаңғыбас дәруіштер» туралы да сөз қозғаймыз. Осы жауһар жазбаларды оқып, көзайым болыңыз.

ҮРЕЙЛІ ЛОНДОН

Нюгейт түрмесіндегі Дебтор (борышкер) есігінің алдында дарға асу. Лондон, 1809 жылғы 1 желтоқсан/Photo by Hulton Archive/Getty Images

Ескі қалалардың әрбірі қорқынышты елеске толы. Тарих ізі көшелердің атауларында, мақал-мәтел мен сөз тіркестерінде сақталып қалады. Кейде бұл іздер денедегі тыртыққа ұқсайды: көзге көрінер-көрінбес болып баяғыда жазылып кетсе де, қолмен сипасаң сезілетіндей. Шынайы оқиғалар аңызға айналады. Оқиғалар фантастикалық сюжетпен толықтырылып, кейіпкерлердің есімі ұмыт болады. Дегенмен бір нәрсе — әженің ертегісі, қаланың хикаясы, ерекше ескерткіш — ғасырларды артқа тастап, болған оқиғаны бәрібір еске салып тұрады.

Екі мың жыл тарихы бар Лондон — бұған жарқын мысал. Тіпті оның ең беделді аудандарының өзінен қорқынышты өткеннің іздерін әлі күнге дейін табуға болады. Осы тақырып сізді қызықтырса сайтымызға кіріп, толық хабардар болыңыз.

 КӨЙЛЕК КИГЕН КҮЗЕТШІ

Жабдықтағы түркі жауынгері/Ольга Гумирова

Кейбір оқырмандарымыздың ойында петроглифтерді тек шебер суретшілер, өз дәуірінің танымал шеберлері салған деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Бірақ, бұл – қате түсінік. Қола дәуірінен бастап жаңа кезеңге дейінгі аралықта қашалған бейнелердің бәрі бірдей өнер туындысы деуге келмейді. Алайда бұдан петроглифтердің тарихи маңызы кемімейді. Жүзіңе күлкі үйірер петроглиф көйлек киген күзетші туралы сайтымыздан толық біле аласыздар.

ЖАЗҒЫ-ҚЫСҚЫ УАҚЫТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазғы уақытты насихаттау үшін АҚШ-тағы United Cigar Stores компаниясы шығарған плакат/Wikimedia Commons

Адамзат Жер шарын мекен еткелі бері, уақытының басым бөлігін сағатқа қарамай-ақ бақытқа бөленіп өткізіп келген. Ежелгі өркениеттер дамып, алып шаһарлар бой көтергелі бері уақыт пен кеңістікті реттеуге ұмтылыстар жасалып келеді: примитивті сағаттардың су сағат, күн сағат және құм сағат сынды бірнеше нұсқасы да пайда болды. Бірақ механиктер мен астрономдардың жетістіктеріне қарамастан, жұрт соңғы екі ғасырды есепке алмағанда, өз өмірін күннің қозғалысына сай бейімдеп келгенін байқаймыз.

САМАРҚАНДАҒЫ ҚАҢҒЫБАС ДӘРУІШТЕР

С. М. Прокудин-Горский. Каландар-Ханедегі монахтар (дуандар). Самарқанд (1907) / АҚШ Конгресс кітапханасы

«Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген халқымыздың ерекше тағылымы бар. Сол себепті Qalam оқырмандарды әртүрлі дәуірден бізге жеткен деректі фотосуреттердің тарихынан сыр шертетін жаңа бір айдар қосты. Осы аптада біз Орталық Азиядан шыққан қаландарлардың — қаңғыбас, қайыршы дәруіштердің суреттерін тамашалап, тарихымен танысамыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз