Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. ҰҚК тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Жарияланды
дизайн кодын
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді / Фото: kursiv.media

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған орай тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Шара 9-қарашада сағат 7:00 – 14:00 аралығында өткізілмек. Дайындық Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының қатысуымен және Астана қаласы аумағындағы «Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық» аймағында ұйымдастырылады.

«Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының  терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Оқу-жаттығу барысында қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстары уақытша шектеледі. Осы орайда Терроризмге қарсы орталық қала тұрғындарын өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындап, қарсы келмеу ұсынылады. Жауапты орган оқу-жаттығуға қатысты жалған ақпарат таратудан сақтанып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз