80 млрд теңгені орынсыз жұмсамақ болған. ҚМА 34 жобадан қанша бюджет қаражаты үнемделгенін хабарлады

Жарияланды
ҚМА 80 млрд теңгенің үнемделгенін хабарлады / Фото: kursiv.media

Елдегі 34 жобадан 79 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінң баспасөз қызметі хабрлады.

Агенттік президенттің мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалану тапсырамасын орындау мақсатында инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асырылу барысын тексерген. Нәтижесінде артық шығындар тәуекелдерін анықтап, біршама қаражаттың үнемделуіне жол ашқан.

«ҚМА мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеттері нәтижесінде 80 млрд теңгеге жуық қаражат үнемделді

Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Мұндай шаралар нәтижесінде осы жылдың қаңтар айынан бастап 34 жоба бойынша бюджет қаражатынан 79 млрд теңге үнемделген.

Мәселен, Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту» жобасы бойынш жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген. Тексеріс барасында бұл жобаға қажетті құбырлардың 5 түрі бойынша, құны артық жобаланғаны анықталды. Нәтижесінде жоба алғашқы сметалық құжаттамада көрсетілген құнынан 6,1 мрд теңгеге арзандаған. Алғашқыда оның құны 23 млрд теңгеге бағаланса, тексерістен кейін 16,8 млрд теңгеге түскен.

Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қажетті интерактивті сенсорлық панельдер қымбатқа бағаланған. Агенттік жеткізушілердің артық баға ұсынғанын анықтап, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен өзара іс-қимыл жүргізе отырып, панельдердің бағасын нарықтық деңгейге дейін түсірген. Нәтижесінде 14 млрд теңге үнемделген.

Сондай-ақ оқыңыз