Абхазияда оппозиционерлерді ұстаған соң наразылар көшеге шықты

Жарияланды
Наразы топ осы ғимараттың қақпасын бұзып кіруге әрекет жасаған/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Абхазияның Сухум қаласында жаппай наразылық акциялары басталды. «Республика» және NewsGeorgia телеграм арналарының жазуынша, бұған Ресеймен инвестициялық келісімді бекітуге қарсы шыққан оппозиционерлерді ұстау түрткі болып отыр.

Шеруге қатысу үшін адамдар Абхазияның түкпір-түкпірінен келіп жатқан көрінеді. Олар Мемлекеттік қауіпсіздің қызметі ғимаратының алдына жиналып жатыр. Наразы топ осы ғимараттың қақпасын бұзып кіруге әрекет жасаған.

Мұның алдында Абхазия күштік құрылымдары бес адамды ұстаған болатын. Оларға туыстарын кіргізбеген көрінеді.

Ұсталғандарды босатуды талап етіп, Гуминистин көпірін жауып тастаған.

Айта кететін жайт Ресей мен Абхазия келісімге қол қойған. Бұл құжат Ресей компанияларына Абхазия аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл жайт көп абхаздарға ұнамаған.

Халықаралық қауымдастық Абхазияның Грузияның бір бөлігі деп таниды. Тек қана Ресей, Никарагуа, Венесуэла, Науру және Сирия ғана «тәуелсіз» ел деп таниды. 80-жылдардың соңында басталған ұлтараздық қақтығыс кезінде Абхазия 94-жылы Грузияға бағынудан бас тартқан.

Бір қызығы, Ресей 1 қыркүйекке дейін Абхазияның күштік құрылымдарының, мұғалімдер мен дәрігерлерінің әлеуметтік төлемдерін төлеп келді. Электр қуатын да кәдімгі бағамен сататын болды.

Сондай-ақ оқыңыз