Банк ЦентрКредиттің таза пайдасы жыл басынан бері 40 пайызға өскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 9 айында таза пайдасын 39,2 пайызға артырды. қаржы ұйымы былтыр қаңтар-қыркүйек айларында – 103,6 млрд теңге таза пайда алса, биыл осы кезеңдегі таз табысы 144,2 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы банктің шоғырландырылған аралық есебінде жазылған.

Қаржы ұйымының салық төлегенге дейінгі пайдасы 1,5 есе өсіп, 113,6 млрд теңгеден 177,2 млрд теңгеге жеткен. Таза пайданың артуына банктің пайыздық кірісінің артуы себеп. 2023 жылдың 9 айында 378 млрд теңге пайыздық кіріс алса, биыл бұл көрсеткіш 40 пайыз өсіп, 532 млрд теңгеге жеткен.

Банк активтері 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,7 пайыз өсіп, 6 трлн теңгеден асты. Актитерінің 3,6 трлін теңгесі – қаржы ұйымының қарыз портфелі болса, 2,1 трлн теңгесі – өтімділігі жоғары активтер. Банктің қарыз портфелі (заңды және жеке тұлғаларға берген несиесі) 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 22,5 пайызға артқан.

Қаржы ұйымының міндеттемелері де 12,8%-ға артып, 5,5 трлн теңгені құраған. Ал меншікті капиталы – 36,5% өсіп, 577 млрд теңгеге дейін жетті. Жарғылық капиталы 0,5%-ға азайып, 66,6 млрд теңгені құрады.

9 айда банк директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне 1,14 млрд теңге сыйлықақы төлеген.

БЦК банк секторында 1988 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның негізгі иесі – Бақытбек Байсейітов (49,37%) пен Владислав Ли (11,37%). Қалған үлесі жеке акционерлерге тиесілі.

Қаржы ұйымы – Қазақстанның банк секторныдағы ірі үш банктің бірі. 2024 жылдың басында оны реттеуші жүйе құраушы банктердің қатарына енгізген. Банктің 5 еншілес ұйымы бар.

Сондай-ақ оқыңыз