Қазақстан жасыл энергетиканы дамытуға 3,7 млрд доллар инвестиция тартты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан көмір станцияларын пайдаланудан шығаруды жеделдету үшін «жасыл» энергетика саласына шамамен 3,7 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл қаржыны Қазақстан Азия Даму Банкінен алады.

Бакуде өткен Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойған. Оның ішінде Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына жетуіне қолдау көрсету бойынша Азия даму банкімен (АДБ) өзара түсіністік туралы меморандум бар.

Құжат мақсаты – көмір станцияларын пайдаланудан шығаруды жеделдету және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруде жаңа технологияларды енгізу.

Қол қойылған құжаттардың қатарында Қытаймен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім де бар. Ол тараптар арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, Қазақстан Республикасының аумағында орнықты даму, экологиялық таза технологияларға көшу және шығарындыларды қысқарту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте өзара іс-қимылды көздейді. Осы жобалар бойынша инвестициялар сомасы 2 млрд АҚШ долларынан аспақ.

Бакуде жасалған тағы бір маңызды келісім – Жамбыл облысында жел электр станциясын салу жобасы. Бұл жобаны Abu Dhabi Future Energy Company PJSC компаниясы жүзеге асырады, ал инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларды құрайды.

«Қазақстан ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін заңнамалық базаны белсенді түрде жаңартуда. Біздің еліміз әрқашан ашық және белсенді ынтымақтастыққа дайын», – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ оқыңыз