Келер жылы Астанада Молдова елшілігі ашылады
Келер жылы Астанада Молдова елшілігі ашылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік климат саммиті аясында Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ақорда мәліметінше, кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Еске сала кетейік, Майя Санду Молдованың ЕуроОдаққа қосылу процесін бастап президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, референдум кезінде Молдова халқы ЕуроОдаққа кіру туралы шешім қабылдап, ел Конституциясына тиісті өзгерістер енгізілетін болған.