Қауіпсіздік шараларын бұзған. Жаркент гарнизонында офицер қайтыс болды
Жаркент гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде офицер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметкер жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде қаза тапқан.
«Биылғы жылдың 14 қарашасында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтынын хабарлады.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.