Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін бірінші болып Аргентина президентімен кездесті
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін алғаш рет өзге ел басшысымен кездесті. Алғашқы кездесуге Аргентина президенті Хавьер Милей келген. Бұл туралы Милейдің баспасөз хатшысы Мануэль Адорни өзінің X парақшасында хабарлады.
Кездесу 14 қараша күні Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго атты сарайында өткен.
Адорно жариялаған суретке сәйкес, кездесуге екі ел басшысынан бөлек, миллиардер Илон Маск, Аргентина сыртқы істер министрі Герардо Вертейн мен Аргентина презідентінің әпкесі Карина Милей қатысқан. Суретте Илон Маск кішкене қызды көтеріп тұр. Алайда оның нақты кімнің баласы екенін айтылмаған.
Associated Press агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, екі президенттің кездесуі жақсы өткенін жазған. Милей Трамппен кездесуден шыққаннан кейін американдық инвесторлармен дөңгелек үстелге қатысқан.
Осы кезге дейін Милей мен Трамп бір-біріне қолдау білдіріп келеді. 2023 жылы Милей Аргентина президенті болып сайланғанда оны алғашқылардың бірі болып Трамп құттықтап, жаңа президенттің арқасында «Аргентина оң өзгерістер күтіп тұрғанын» айтқан.
Екеуі алғаш рет 2024 жылдың ақпанында Америка құрлықтарының арасында саяси-экономикалық байланысқа қатысты консервативті саясаткерлердің конференциясында кездескен. Associated Press жазуынша, Трампты алғаш көрген Милей «Президент!» деп айқайлап, оны құшақтап алған.
Айта кетейік, 5 қарашада өткен АҚШ президентінің сайлауында Трамп демократтар кандидаты Камала Харристі айқын басымдықпен жеңген.