230 мың доллар жымқырған алматылық есепші Грекияда ұсталды
Грекияның Хиос аралында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол бөлімшесінің шетелдік әріптестерімен бірлесіп жүргізген операциясы нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды.
2021 жылы Алматы қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде есепші болып жұмыс істеген әйел заңсыз түрде 230 мың АҚШ долларын (115 млн доллар) өзінің жеке шотына аударған.
Қазіргі таңда ұсталған әйелді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Жалпы жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның қайда жүргені анықталған.
Бұған дейін 27 миллион теңге жымқырған күдікті әйел Түркиядан елге қайтарылған. Тамыздың соңында Бас прокуратура Мәскеуде тағы бір күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын. Қазақстан аумағында ірі көлемде есірткі контрабандасымен айналысқан күдікті азамат Ресейде ұсталып, елге экстрадицияланған болатын.