Абхазиядағы көтеріліс кезінде ел президенті Аслан Бжанияның қайда жүргені белгілі болды
Абхазияның президенті Аслан Бжания оппозицияның қысымына қарамастан қызметінен кетпейтінін мәлімдеп, өз жақтастарына үндеу жасады. Бұл мәлімдемеден кейін оппозиция оған бір сағат ішінде отставкаға кету талабын қойған. Алайда, Бжанияның баспасөз қызметі оның өзінің туған ауылы Тамышта, Сухуми қаласынан 40 шақырым жерде орналасқанын растады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оппозиция оның Ресейдің әскери базасына орналасқанын алға тартқан, бірақ бұл ақпарат расталмады.
Сухумиде наразылық акциялары жалғасып жатыр. Митингке қатысушылар Ресей мен Абхазия арасындағы «инвестициялық келісімге» қарсылық білдіріп, үкімет ғимараттарының қоршауын бұзып, парламент пен президент әкімшілігінің аумағына кірді.
Қатысушылар милиция қызметкерлеріне жұмыртқа мен бөтелке лақтырып, олар тарапынан қарсылық көрсетілгеніне қарамастан, ғимараттарға кіре алды. Протест барысында 13 адам зардап шегіп, олардың үшеуі ауруханаға түсіті.
Қарсылық акциясының нәтижесінде парламент инвестициялық келісім бойынша дауыс беру сессиясын кейінге қалдырды, ал президент әкімшілігі бұл келісімді қайта қарауға уәде берді.