Абхазия басшысы Аслан Бжания жаппай наразылықтан кейін, отставкаға кететін болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Абхазия басшысы Аслан Бжания отставкаға кететін болды
Абхазия басшысы Аслан Бжания отставкаға кететін болды / Фото: ТАСС

Абхазия басшысы Аслан Бжания өзінің отставкаға кететінін жария етті. Алайда наразылық білдірушілер басып алған Үкімет ғимараттарын босатпаса, отставкаға кетпейтінін айтты.

Қазақстан Грузияның бір бөлшегі деп танитын, тәуелсіздігін мойындамайтын Абхазия басшысы Аслан Бжания аймақтың «парламент спикері» атына отставкаға кету туралы өтініш берді. Сканерленген құжатты 19 қарашада Бжанияның баспасөз қызметі жария етті.

Бұл қадамды ол «тұрақтылық пен тәртіпті сақтау» мақсатымен түсіндірді. Аслан Бжания екі күн бұрын отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда өзі отставкаға кеткен жағдайда наразылық білдіруші топтың Үкімет ғимараттарын босатуы керек екенін баса айтты. 

Абхазия басшысының баспасөз қызметі егер бұл талап 19 қарашада орындалмаса, Аслан Бжания отставкаға кету туралы өтінішін қайтарып алатынын атап өтті. 19 қарашада арламент Бжанияның отставкасы мәселесін қарауы қажет.

Аймақ басшысы отставкаға кеткеннен кейін, Абхазияны оның көмекшісі әрі «вице-президент» лауазымындағы Бадра Гунба басқарады.

Бжания қарашаның басында Ресеймен инвестициялық келісім жасаған. Оған сәйкес ресейлік бизнес өкілдері аймаққа инвестиция құйып, бизнес жүргізгені үшін салықтық жеңілдіктерге ие болуы тиіс. Абхазия жұрты бұл келісімге қарсы шығып, жаппай наразылық акцияларын ұйымдастырды. Митинг барысында он шақты адам ұсталып, кейін бостандыққа шықты. Оларға қамауға алынған кезде наразылық күшейіп, халық Үкімет ғимараттарын басып алып, Бжанияның отставкасын талап етті.

18 қарашада бір топ адам Сухуми қаласында бір топ адам мемлекеттік телеарнаны басып алуға тырысқан. Оларды телеарна күзетшілері аспанға оқ атып тоқтатқан.

Сондай-ақ оқыңыз