Тоқаев Сербия президенті Вучичке әйгілі апорт алмасын сыйлады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Сербия президенті Вучичке апорт алмасын сыйлады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

18 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Сербияға барды. Белград әуежайында оны Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды.

Сапар барысында екі ел басшылары арасында бейресми кездесу ұйымдастырылып, достықтың нышаны ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев сербиялық әріптесіне Алматының әйгілі апорт алмасын сыйлады.

Александр Вучич бұл ерекше сыйлыққа ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Президент Тоқаевқа құрметі мен сенімі үшін алғыс айтамын. Бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетініне сенемін», – деп жазды.

Сонымен қатар Белградтағы ең биік ғимарат – «Белград мұнарасы» Қазақстанның мемлекеттік туының бейнесімен жарықтандырылды. Бұл қазақ делегациясына деген ерекше құрметті көрсетті.

Сапар аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту бағытында бірқатар маңызды келіссөздер өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкіметте апорт алмасын қайта жаңғыртып, әлемдік нарыққа шығару бағдарламасы әзірленді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында алма бақтарын толыққанды коммерциялық өндіріске шығару үшін қажетті көшеттер өсіріледі. Алғашқы кезеңде, 2024 жылы, Сиверс алмасының тұқымдары жиналып, апортты өсірудің ұлттық стандарттарын жасау жобасы басталды. 2025 жылы Талғардағы ҚазЖКҒЗИ өңірлік филиалында 10 гектар алқапта көшеттер отырғызылады

Сондай-ақ оқыңыз