Қазақстан территориясының тұтастығына күмән келтірген Петропавлдың екі тұрғыны түрмеге қамалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Петропавлдың екі тұрғыны сепаратизм үшін түрмеге қамалды
Петропавлдың екі тұрғыны сепаратизм үшін түрмеге қамалды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан территориясының тұтастығына күмән келтіріп, оның бөлінуін насихаттаған Петропавл қаласының екі тұрғыны сепаратизм үшін түрмеге қамалды.

Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, Петропавл қалалық соты 2 қала тұрғынын сепаратистік әрекеті үшін бас бостандығынан айырған. 19 қарашада осы сот шешімі күшіне еніп, 2 азамат орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесіне жіберілген.

«Чат Рулетка» сайтындағы «YouTube» бейнехостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттағанын жоққа шығарды», – делінген хабарламада.

Айыпталған азаматтар өз кінәларын мойындамағанымен «Instagram» және «TikTok» желісінде тараған бейнежазбалар олардың кінәсін растап, бұлтартпас дәлел болған.

Олар Қылмыстық кодекстің 180-бабына сәйкес бас бостандығынан айырылған. Бас прокуратура жазаның нақты мерзімін көрсетпеген. Бірақ заңға сәйкес, олар өздері жасаған насихат үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болуы мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында Петропавл соты ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 10 қылмыстық істі қараған. Жалпы саны 14 адамға қатысты іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз