Жалпыға бірдей декларация жойылғаннан кейін кірістер комитеті кімдерді қадағалайды?
Қаржы министрі Мәди Такиев баршаға бірдей деклaрация тапсыру талабының алынып тасталғанын түсіндіріп өтті. Министрдің айтуынша, декларация тапсыру міндеті мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың жұбайлары үшін сақталады. Сондай-ақ 73 млн теңгеден асатын мүлікке немесе шетелде орналасқан активтерге иелік ететін азаматтар декларация тапсыруы керек. Ал дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлер үшін бұл талап жойылған.
Министр Такиев жеке кәсіпкерлер үшін декларация тапсыру талабы сақталатынын атап өтті.
«Жеке кәсіпкерлер жыл сайын деклaрация тапсырады. Ал квазимемлекеттік сектордың бірінші басшылары мен олардың жұбайлары да декларация тапсыруға міндетті. Бірақ мемлекеттік қызметкерлер мұндай талаптан босатылды», – деді министр.
Сонымен қатар министр азаматтардың салық төлеу тәртібін тексеру мүмкіндіктері бар екенін ескертті.
«Біз екінші деңгейлі банктердегі ақшаның қозғалысы туралы ақпаратты сұрау арқылы ала аламыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алғанда, бұл деректер біздің базада көрініп тұрады. Сәйкесінше, нақты тұлғаға қатысты сұрау жолдап, оның банктік есепшоттары туралы мәлімет ала аламыз», – деді Мәди Такиев.
Еске сала кетейік, баршаға бірдей декларациялау талабын алып тастау туралы шешім жарияланған еді. Дегенмен белгілі бір санаттағы азаматтар үшін кіріс пен мүлік туралы есеп беру міндеті сақталып отыр.