Трамп Ақ үйде криптонарыққа жауапты құрылым ашуды жоспарлап отыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Трамп Ақ үйде крипто нарыққа жауапты құрылым ашпақ
Трамп Ақ үйде криптонарыққа жауапты құрылым ашпақ / Фото: shutterstock

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың командасы президент әкімшілігі жанынан криптонарыққа жауапты құрылым ашуды жоспарлап отыр. 

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Ақ үйге көшуді жоспарлап жатқан Трамп әкімшілігі цифрлық активтер индустриясы және криптовалюта саясатына жауапты лауазым бекіту жолын қарастыруда. Команда лауазымға лайықты үміткерлерді тексеріп жатыр. Егер жаңа құрылым пайда болса, бұл Ақ үйдегі криптонарыққа байланысты алғашқы құрылым болмақ. 

Басылым дереккөздерінің айтуынша, криптоиндустрия өкілдері лауазымға келген адамның Трамппен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі болғанын қалайды. Вашингтон тілінде бұл федералды Үкіметтегі крипто саясат пен реттеуді қадағалайтын адам болмақ.

Трамп сайлау науқаны кезінде криптоиндустрияны қолдауға және  цифрлық активтер индустриясын бұзған Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның қазіргі төрағасы Гари Генслерді жұмыстан шығаруға уәде берген. Сондай-ақ мемлекеттік реттеуді қысқартып, жаңа президенттің криптовалюта бойынша консультативтік кеңесін құратынын айтқан. 

Жазда Трамп Bitcoin және Сryptocurrency компанияларының басшыларымен бірнеше рет кездесіп, шілде айында Bitcoin конференциясында сөз сөйледі. 

Басылым дереккөздерінің сөзінше, соңғы күндері Crypto одақтастары Мар-а-Лагода орналасқан Трамптың штаб-пәтеріне барып, президент командасымен кездесулер өткізген.

Айта кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін криптонарық пандемия кезіндегі рекордты жаңартып, биткоин бағасы 90 мың долларға жақындаған.

Сондай-ақ оқыңыз