Шымкент әкімдігі жаңа жылға қаланы безендіруге 80 млн теңге жұмсайды

Жарияланды
Шымкент әкімдігі жаңа жылда шыршаны безендіруге 80 млн теңге жұмсайды / Фото: бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шымкент әкімдігі жаңа жылдық мерекеге орай қаланы безендіруге 80 млн теңге бөлген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты.

«Жаңа жылдық безендіруге жалпы қала бойынша 80 млн теңге қарастырылған. Бес ауданның әрқайсысына 16 млн теңгеден бөлінеді», – деді әкім.

Қала басшысы осы жылғы қаланың безендірілуіне өткен жылғы құрал-жабдықтар пайдаланылатынын мәлімдеді. Ал басқа мерекелік іс-шаралар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылады.

Айта кетсек, Батыс Қазақстан әкімдігі биылғы жаңа жылдық безендіруге және өзге де мерекелік шаралаға 28 миллион теңге қаржы жұмсауды көздеп отыр. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев 2023 жылдан бастап жаңа шыршаларды сатып алуға тыйым салғанын, осы жылы бұрын сатып алынған жасанды шыршалар пайдаланылатынын айтқан болатын. Бұл шыршаларды әкім келесі жылы да пайдалануды көздеп отырғанын, сол үшін шыршаларды мұқият жинастырып сақтап қоятынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз