Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен орталығында аяз жүріп, оңтүстігінде қар жауады – «Қазгидромет»

Жарияланды
Демалыс ауа райы
Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн 18 градусқа дейін суытады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде демалыс күні қар жауып, жел соғады. Мұның арты көктайғақ пен тұманға ұласуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде Сібір антициклоны есебінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда-тұман түседі»,- делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сонымен бірге, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн ашық болғанымен, ауа температурасы төмендеп, түнде 10-18 градусқа дейін түседі. Ал елдің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Түрпкістан облыстарында және Астана қаласында 23 қараша күні тұман күтіледі. Ал Абай, Жетісу, Түркістан, Атырау облыстарында жел күшейіп, екпіні 30 м/с асады деп күтілуже. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде жел екпіні қатты болады.

Сондай-ақ оқыңыз