Қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу және Абай облыстарында бірқатар автожол учаскелері уақытша жабылды

Жарияланды
трасса
Жетісу облысында ауа райы бұзылуына байланысты жолдар жабылды/ фото: shutterstock

Абай облысында автожолдар жабылды. 2024 жылы 24 қараша сағат 16:30-да екі уаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Абай облыстық полиция департаменті Жетісу облысына баратын бағыт бөгелгенін хабарлады. Мақаншы – Жалаңакөл (133 шақырым) және Мақаншы – Үшарал (48 шақырым)жол бөліктерінде патруль көліктері тұр. Оған себеп – күн райының бұзылуы.

«Жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарларында ескеруді сұраймыз», – деп ескертті полиция департаменті.

Оған дейін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Жетісу облысында Үшарал – Достық жолының 84-164 бөлігіне шектеу қойылғанын мәлімдеді. Яғни Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін барлық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз