Мойындалмаған Абхазияның отставкаға кеткен басшысы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді
Халық ереуілінен кейін басшылықтан кеткен мойындалмаған Абхазия басшысы Аслан Бажния билікке қайта оралатынын мәлімдеді.
Бжания кезектен тыс өтетін сайлауда өз кандидатурасын ұсынатынын айтқан.
«Мен Абхазияның саяси өміріне араласамын. Cайлауға қатысам, менің командам сайлауға қатысуға дайындалады. Президенттік сайлауда мен өз кандидатурамды ұсынам»,- деп мәлімдеген экс-басшы.
Айта кетейік, Аслан Бжания 19 қарашада отставкаға кеткен болатын. Оның биліктен кетуіне халық наразылығы себеп болды. Өңір тұрғындары Ресеймен инвестициялық келісімді құп көрмеген. Онда ресейлік инвесторларға үлкен салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар берілген. Осыған қарсы болған оппозиция өкілдері мен басқа да абхаздықтар 11 қарашада ереуілге шықты. Ел үкіметі оппозиция өкілдерін қамауға алу туралы шешім шығараған. Алайда, бұл оқиғадан кейін халық көтеріліп, оппазиция мүшелерін босатуды, ал президенттің отставкаға кетуін талап еткен.
Бір аптадан соң парламент халық үніне құлақ асып, Бажанияны лауазымынан босату туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, халықаралық қауымдастықтар Абхазияны Грузия мемлекетінің бір бөлігі ретінде таниды. Оның тәуелсіздігін мойындаған елдер саны өте аз. Абхазияны республика ретінде Ресей, Никарагуа, Венесуэла, Науру және Сирия сынды елдер «тәуелсіз» деп таныған. Ресми Грузия Абхазия аумағын Ресей оккупациялап алған аумақ деп санайды. Қазақстан да Абхазия мен сол маңдағы Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ.