Ресейлік «Газпром» компаниясы Қарашығанақтағы газды өңдеу және сату бойынша қызмет көрсетеді

Жарияланды
Ресейлік «Газпром» Қарашығанақтағы газды өңдейді/ фото: «Газпром» сайты

Ресейлік «Газпром» кәсіпорны Қазақстан Үкіметімен келісімге келді.

«Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер мен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа жобаны талқылады. Екіжақт тарап газбен жабдықтау және көгілдір отын тасымалдау мәселесін қаузады.

«Кездесуде 2025-2026 жылдарға арналған Қарашығанақ кен орнындағы газды өңдеу және сатудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды», – деп хабарлады Газпромның баспасөз қызметі.

2023 жылдың қазан айында Өзбекстан Республикасының тұтынушыларына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ресейлік табиғи газ жеткізіле бастады. Тасымал  «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы жүзеге асты.

2023 жылдың қарашасында «Газпром» мен Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Газпром» –  энергетикалық компания. Оның негізгі қызметі – геологиялық барлау, көгілдір отын, газ конденсатын және мұнайды өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және өткізу, газды мотор отыны ретінде сату, сондай-ақ жылу және электр энергиясын өндіру және сату.

Ресейлік кәсіпорын ресейлік және шетелдік тұтынушыларға табиғи газ жеткізеді. Компания әлемдегі ең ірі газ тасымалдау жүйесіне ие, оның ұзындығы Ресейде 180,6 мың км.

Сондай-ақ оқыңыз